Қазақстанда банк құпиясы іс жүзінде тек қағаз жүзінде ғана сақталады. Бұл жөнінде Central Asia Fintech саммитінде киберқауіпсіздік маманы Медет Турин мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz
«Бұл мәселе тек біздің елге тән емес – әлемнің көптеген мемлекеттерінде дәл осылай. Клиенттер туралы мәліметтерді банктердің өз қызметкерлері сыйақы үшін үшінші тұлғаларға, әсіресе хакерлік форумдарда сатып жібереді», — деді ол.



