Ипотекалық компанияның бас директоры Ерболат Мыңғышпан баспана алуды жоспарлаған азаматтарға кеңесін бөлісті, деп жазады Qandastar.kz ақпарат порталы Аtameken.business телеарнасының Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, үйлі болудың бірінші қадамы – төлем тәртібін қалыптастыру.
«Тамақты да, киімді де уақытша шектеңіз, ең алдымен банкке төлеуді ойлау керек. Сол жүйемен 2-3 жыл қиналыңыз. Болмаса армияға барып келіңіз, ақша жиналады. Ешкіммен араласпаңыз, той-томалаққа бармаңыз. Оның нәтижесін жылдар бойы көресіз», – деді Ерболат Мыңғышпан.



