Әлеумет және қоғам

Сарапшы пікірі: Базалық мөлшерлеменің күрт өсуі ипотеканы тоқтатады

ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешімнің тұрғын үй несиелеріне және қаржы нарығына тигізетін әсері туралы сарапшылардың пікірі төмендегідей, деп жазды qandastar.kz

Базалық мөлшерлеменің күрт өсуі коммерциялық банктер үшін ипотекалық несиелерді беру тиімділігін айтарлықтай төмендетеді. Себебі 1 қарашадан бастап ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан аспауы тиіс деген жаңа шектеу енгізілмек. Бұл көрсеткіш банктер үшін өз қызметтерінен қажетті пайда алу мүмкіндігін шектейді.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёвтың бағалауынша, базалық мөлшерлеме 18% болған жағдайда ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлеме кем дегенде 22-24% деңгейінде болуы қажет. Осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда коммерциялық банктер ипотекалық несиелеуді тоқтатуға мәжбүр болады.

Ипотекалық несиелер үлкен көлемде қаржы талап етеді және жоғары тәуекелге байланысты, сондықтан банктер бұл өнімнен тұрақты табыс алу үшін белгілі деңгейдегі маржаны сақтауы тиіс. Базалық мөлшерлеменің өсуі мен тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шектеулері банктердің несиелеуге деген қызығушылығын төмендетеді және тұрғын үй нарығында несиелік қолжетімділіктің қысқаруына әкеледі.

Осы жағдайдан туындайтын негізгі қаупі – ипотекалық өнімдер тек мемлекеттік қолдауымен, яғни «Отбасы банкі» сияқты арнайы бағдарламалар арқылы ғана қолжетімді болуы мүмкін. Бұл тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін шектеп, нарықта сұраныстың төмендеуіне әсер етеді.

Қорытындылай келе базалық мөлшерлеменің күрт өсуі ипотека нарығында коммерциялық банктердің белсенділігін төмендетіп, тұрғын үй секторына теріс ықпал етуі ықтимал.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button