Жаңалықтар
Сарапшы: Жолдаудың маңызды бағыты – салық саясатының тұрақтылығы
Фото: ашық дереккөз
Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Серік Жүсіпов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауының негізгі бағыттарының бірі – салық саясатының тиімділігін арттыру екенін алға тартты, – деп хабарлайды qandastar.kz
Сарапшы атап өткендей, салықтық әкімшілендіру салық төлеушілерге деген сенім негізінде құрылуы тиіс.
«Яғни, салық салуды басқарудың мәні жазалау функциясында емес, салық төлеуші үшін барынша қолайлы жағдай жасауында. Салықтық климаттың тұрақтылығына ерекше мән беріледі, бұл – шетелдік және отандық капиталдарды ұзақ мерзімді инвестициялау үшін өте қажет шарт. Сонымен қатар, макроэкономикалық Вектор бойынша айтарлықтай жетістіктер байқалды. Атап айтқанда, Қазақстанның халықаралық резервтері 100 млрд долларға дейін нығайды, өткен жылмен салыстырғанда инфляция 2,5 есе баяулады», – дейді ол.
Еуразиялық интеграция институты сарапшысының пікірінше, салық саласын толық цифрландыру, мәжбүрлеп өндіріп алуды қолданбай хабарламалар жіберілетін салық берешегі шегін ұлғайту, салық режимдері мен жеңілдіктерді оңтайландыру – Мемлекет басшысы ұсынған осы шаралардың барлығы бір мақсатты көздейді – бизнесті қолдау және оның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
«Бұл инвестициялық климатқа әсер ететін және жаңа экономикалық саясаттың қаржылық базасын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметті шектейтін 10 мыңнан астам артық және өзекті емес талаптар жойылып отыр”, – деді ол.
Қазақстанда бизнесті дамытуды қолдау шеңберінде Үкіметке 2029 жылға қарай экономикадағы орта бизнестің үлесін 15% – ға дейін ұлғайту тапсырылды, бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 7% құрайды. Бұл индикатор президенттік міндеттердің нақты орындалу көрсеткіштерінің бірі болады.
Жалпы, президент тапсырмасын іске асыру шеңберінде отандық салық салу және кәсіпкерлік жүйесін дамыту үшін жағдайларды ретке келтіру міндеті тұр, бұл отандық экономиканы нығайтуға маңызды үлес болмақ.