Жаңалықтар

Сатқалиев: Референдум бір ғана атом электр станциясының тағдырын шешпейді

Фото: Тенгриньюс

Үкіметтің баспасөз орталығында Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев АЭС референдумының егжей-тегжейін баяндады, – деп хабарлайды  qandastar.kz.

Министр қазір халықпен кездесу үшін аймақтарға сапарлар жүргізіліп жатқанын, одан кейін ОСК референдум өткізу күнін белгілеу керектігін айтты.

Бұл жерде ескеретін жайт, референдум бір ғана атом электр станциясының тағдырын шешіп қоймайды.

«Министрлік бір ғана атом станциясын салу жайын қозғамайды. Әңгіменің ауқымы кең, бұл жерде жалпы елде атом энергетикасын дамыту мәселесі қамтылған», – деді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close