Жаңалықтар

Сәтсіз комплимент: Блогер Николай Василенко қазақтарды мақтаймын деп дауға қалды

Ресейлік блогер Николай Василенко Қазақстанға жасаған сапары кезінде айтқан сөзімен желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Астанада түсірген видеосында ол жергілікті халықты мақтауға тырысқанымен, оның пікірін қазақстандықтар сәтсіз әрі орынсыз деп бағалады, деп жазады qandastar.kz

Василенко роликте «Астана әдемі.  Қазақтардың тіпті жүздері де күн сияқты жұмыр, ал көздері күннің сәулесіндей сығыр» дейді ол.

Бұл сөз көпшіліктің күлкісімен қатар наразылығын тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның айтқанын сәтсіз комплимент деп қабылдады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button