Сауд Арабиясында аймақ үшін сирек кездесетін табиғи құбылыс тіркелді — шөлейт өңірлерде қар жауды. Қолайсыз ауа-райы Табук қаласын және бірқатар елді мекендерді қамтыды. Ауа температурасы минус 4 градусқа дейін төмендеген, деп жазады qandastar.kz.
Al Arabiya басылымының мәліметінше, қар Табук қаласында жауған. Ал Siasat Daily дерегінше, қар Хаиль қаласында да байқалған. Түн ішінде Аджа тауларының биік аймақтарын қалың қар басып, кей жерлерде адам ізі басатын жерген де түскен.
Қардың салдарынан жолдарда көріну деңгейі нашарлағанын жүргізушілер айтты. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар таза ауада көбірек уақыт өткізіп, ерекше ауа райын бейнежазба мен фотосуретке түсіріп, әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісуде.
Айта кетейік, мұндай құбылыс 2024 жылдың қараша айында да тіркелген болатын. Ол кезде қатты жаңбыр мен бұршақтан кейін Сауд Арабиясының шөлейт аймақтарында да қар жауып, сирек кездесетін табиғат көрінісі әлеуметтік желілерде кеңінен тараған еді.
📹 Vous ne rêvez pas❗Nous sommes bien en #Arabie_Saoudite, la neige fait son apparition dans la région de Tabuk (nord-ouest du Royaume). pic.twitter.com/5i68kHgXb2
— Saudi News FR 🆇 (@SaudiNewsFR) December 17, 2025



