Әлем жаңалықтары

Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілгендердің саны рекорд орнатты

2025 жылы Сауд Арабиясында кемінде 347 адам өлім жазасына кесілген. Бұл – бақылау жүргізілген уақыттағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 2024 жылы Сауд Арабиясында 345 өлім жазасы тіркелген еді. Атап айтқанда, өлім жазасына кесілгендердің басым бөлігі, шамамен үштен екісі, есірткіге байланысты қылмыстар үшін сотталған. Ал жартысынан көбі шетел азаматтары. Биыл өлім жазасына кесілгендер арасында бір журналист, бес әйел және кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар.

Reprieve ұйымы мұндай үкімдер халықаралық стандарттарға қайшы екенін атап өтсе, Human Rights Watch Сауд Арабиясындағы адам құқықтарының жағдайын «қорқынышты» деп сипаттайды. Ел билігі өлім жазасының артуына қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button