
Фото: gov.kz
Сауда және интеграция министрлігі еліміз бойынша «Береке fest» атты акцияның басталғанын хабарлады. Бұл бастама – азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі, деп жазды qandastar.kz
Акция шеңберінде 80-ге жуық ірі сауда нүктесінде арнайы жеңілдік аймақтары ұйымдастырылып, отандық тауар өндірушілердің өнімдері төмендетілген бағамен ұсынылуда. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жеңілдіктерді табу оңай – акцияға қатысатын дүкендерге «Береке Fest» деген жазуы бар арнайы белгілер ілінген.
Министр Арман Шаққалиев өзі де бірқатар сауда орындарын аралап, акцияның барысымен танысты.