Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде өткізген жиында саудагерлер тауардың ақысын төлеу формасына қарай екі түрлі баға айта бастағанын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz
Жаңа салық саясаты күшіне енгелі бері нақты айналымды жасыру үшін қолма-қол төлем көлемінің артқаны туралы мәліметтер келіп түсті. Бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер тауардың ақысын қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы төлегеніне қарай салық сомасын шегеріп, екі түрлі баға айта бастады. Бұған, әрине, көз жұма қарауға болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер мемлекеттің салықты әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру бағытындағы еңбегін зая кетіреді. Кірісті жылыстату және капиталды астыртын криптоперациялар арқылы заңсыз шығару проблемаға айналды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



