Жаңалықтар
Саунада тамақ әзірлеген: Талдықорғандағы балалар лагері не бүлдіріп отыр?
Фото: Ұлт.кз
Талдықорған қаласында, Қаратал өзенінің бойында орналасқан Күншуақ балалар оңалту орталығы балаларға саунада тамақ әзірлеген. Шипажайда емделіп жатқан балаларға саунада тамақ әзірленгені тцралы Alash.KZ хабарлайды.
Оқиға Талдықорған қаласындағы Күншуақ балалар оңалту орталығында болған. Ақпаратты «Joni» Жеке кәсіпкерлігінің жеткізушісі мәлімдеді.
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, компания «Күншуақ» облыстық балаларды оңалту орталығының балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тендерді ұтып алады. 2023 жылдың соңында олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.
Қазір Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Талдықорғанда жүр.
Айта кетейік, 2023 жылы алматылық оқушылардың демалуға жазғы лагерьге емес, саунаға жіберілген болатын. Алматы қаласының прокуратурасы «Сауна ғимаратында балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы) және кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (ҚР ҚК 140-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген.