Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Саурықов әскери қызметкерлердің декретке шығуына қарсы шықты

«Қос палата» бағдарламасында Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Еңбек кодексіне алдағы уақытта бірнеше өзгеріс енгізу қажеттігін айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның пікірінше, әскери қызметшілердің және солармен теңестірілген құқық қорғау органдарында қызмет ететін ер азаматтардың декретке шығуына мүлдем тыйым салу керек.

Саурықовтың айтуынша, бұл өзгерістер әскер мен құқық қорғау органдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Депутат алдағы уақытта Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button