Білім

Саясат Нұрбек 11-сынып оқушысын оқудан шығару төңірегіндегі дауға ұласқан мәселеге пікір білдірді

Фото: Үкімет
2025 жылдың 29 мамырында Астанада өткен халықаралық форум аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы НЗМ-де 11-сынып оқушысының оқудан шығарылуына байланысты туындаған дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  qandastar.kz   Zakon.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Министр бұл мәселенің оңай еместігін атап өтіп, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру қажеттігін айтты: көшіру мен жұмысты өз бетінше орындаудан бас тарту – ең алдымен, адамның өзіне зиян.

«Бұл – студент немесе оқушы өзі меңгере алмаған білім. Қазір НЗМ-де оқушыны оқудан шығару мәселесі төңірегінде дау туындап отыр – бұл дұрыс шешім. Себебі академиялық адалдық қағидаттарынсыз сапалы білім беру жүйесін құру мүмкін емес. Ең мықты білім беру жүйелері, академиялық адалдыққа негізделген -Канадалық, Солтүстік Америка және Жапония жүйелері», – деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, егер антиплагиат мәдениеті қатаң түрде қалыптасса, білім сапасы да жоғары болады.

«Сондықтан менің ойымша, бұл (оқушыны оқудан шығару – ред.) дұрыс шешім болды. Мұндай жағдайларда біз академиялық адалдық қағидаттарын ұстануымыз керек», – деп толықтырды министр.

Айта кетсек, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сұңқар Майқан оқу жылының аяқталуына бірнеше күн қалғанда, өзге оқушылардың көзінше мұғалімге балағат сөз айтып, тіл тигізгені үшін оқу ордасынан шығарылған. Алайда, жас жеткіншек, кейінірек өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұраған болатын. Дегенмен, оның бұл әрекетіне мектеп әкімшілігі тарапынан «мектепке қайта қабылдау» туралы жағымды жаңалық бола қоймады. Осылайша, бірнеше күн қатарынан тамақ ішпей, депрессияға түскен оқушы 26 мамыр күні жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бүгінде ол қажетті ем-дом шараларын алуда. Сондай-ақ, күні кеше 28 мамырда НЗМ басшысы оқу ордасы түпкілікті шешімін өзгертпейінін айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Бұл ретте, қоғамда резонанс туғызған іске бірқатар шенеуніктер мен балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер, сондай-ақ, министр Ғани Бейсембаев пікір білдірді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close