Әлем жаңалықтары
Саясат Нұрбек ҚазҰУ-дағы «пәк қыздар тізіміне» қатысты тың дерек айтты
Фото: baimedia.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің жеке деректерінің сыртқа шығып кетуіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Министрдің айтуынша, университет пен медициналық орталық қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін ҚазҰУ шу тудырған оқиғаға қатысты түсініктеме берген болатын.
2024 жылғы 6 ақпанда университетке келісімшарт негізінде медициналық қызмет көрсететін «Smart Health University City» ЖШС медбикесі What’s app мессенджері арқылы механика-математика факультетінің флюорографиялық зерттеуден өтпеген 3-4 курс студенттерінің Excell форматындағы құжаттарын факультет деканатының маманына жіберді.
Алайда берілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа, медициналық құпияға қатысты мәліметтер де болған. Кейіннен университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтер мессенджерлер арқылы тарап кеткен, – делінген хабарламада.
ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факт бойынша 2024 жылғы 14 ақпанда университетте қызметтік тексеру тағайындалған.