ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Саясаткер кеңес айтты: Қазақтарға бай болу үшін не істеу керек?

Саясаткер Данат Жұмин табысқа  әсер ететін негізгі факторларды атады, деп жазады Qandastar.kz ақпарат порталы.

Сарапшының сөзінше, бай мемлекетте туған адамның табысы, орта есеппен, экономикалық жағдайы әлсіз елдерде өмір сүретін замандастарына қарағанда жоғары болады.

«Қазақстан азаматтарының табысы ағылшындар, америкалықтар немесе жапондармен салыстырғанда төмен болғанымен, әлемдегі елдердің шамамен 70 пайызынан жоғары. Сондықтан қазақстандықтарды “орташа деңгейде жолы болған халық” деп атауға болады. Еліміз бай. Ендігі басты міндет – сол байлықты тиімді басқару», – деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Данат Жұмин табысқа әсер ететін екінші маңызды фактор ретінде адамның жеке шешімдерін атады. Оның ішінде төрт негізгі таңдау бар екенін атап өтті: білім мен мамандық таңдау, өмірлік жар таңдау, бала сүю туралы шешім және қарттыққа қаржы жинау.

Оның пікірінше, жоғары білім мен сұранысқа ие мамандық — табысқа жетудің маңызды алғышарты. Сондай-ақ жинақты ертерек бастау болашақта қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өмірлік жар таңдаудың да қаржылық әрі рухани тұрғыдан маңызды екенін атап өткен ол бұл мәселені әзілмен толықтырған.

«Жақсы жар жолықса, адам әрі бай, әрі бақытты болады. Ал сәтсіз таңдау философ болуға қадам», – деп жазды ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button