Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарСаясат

Саясаттанушы Сәтпаев: Ресейлік пропаганда Орталық Азияны сақ болуға шақырады

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев ресейлік пропагандист Владимир Соловьевтің Орталық Азия туралы жақында айтқан сөзіне пікір білдіріп, қазіргі алмағайып кезеңді Орталық Азия елдерінің барлығына қаруын сайлап отыруы керек деп есептейтінін жеткізді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Ult.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында Ресейдің бас пропагандистерінің бірі Владимир Соловьев «Халықаралық құқық пен тәртіпке түкіргеніміз бар», — деп мәлімдеп, Орталық Азияны «біздің аймақ» деп, АҚШ-тың Венесуэлада қолданған тәсілін үлгі етуге үндеді.

Соловьевтің айтуынша, Ресей ең алдымен өзіне жақын мемлекеттерге басымдық беруі тиіс. Оның пікірінше, Армения мен Орталық Азия Ресейдің ықпал ету кеңістігіне жатады.

Ол ұлттық қауіпсіздік мәселесін алға тартып, Украинада «арнайы әскери операция» бастау мүмкін болса, дәл осындай себеппен ықпал аймағындағы өзге өңірлерде де сондай қадамға баруға неге болмайды деген сауал тастады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button