Жаңалықтар

SCAT ұшағына найзағай түсті

Фото: depositphotos.com

SCAT ұшағына найзағай түсті. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Компания таратқан мәліметке сәйкес, демалыс күндері қатты найзағайдан Boeing 737 ұшағына зақым келген.

«Өткен демалыста SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсіп зақымданды. Қазіргі уақытта ұшақ кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі бірнеше күнге созылатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты компания осы аптадағы 14 әуе рейсі кестесін өзгертуге мәжбүр», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардан sms-ескертулерге мән беріп, рейстер кестесін мобильді қосымша арқылы немесе әуе компанияның ресми сайтынан (scat.kz) тексеруді сұрайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close