Жаңалықтар
Сейф ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

БҚО-да сейф ұрламақшы болған ер адам видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды qandastar.kz.
29 маусымға қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу кіріп, кеңседен темір сейфті көтеріп алып кеткен.
«Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған сейф тәркіленді», — делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.