Журналист Асет Матаев Қазақстан Президентіне үндеу жасап, өзі мен әкесі бойынша қозғалған саяси астары бар қылмыстық іс кейін толық ақталғанын еске салды, деп жазады qandastar.kz. Оның айтуынша, бұл шешім қоғамға әділдікке деген үміт сыйлаған.
Алайда Матаев қазіргі жағдайда бірқатар мәселелердің шешілмей отырғанын айтады. Соның ішінде рейдерлік басып алуларға қатысты тергеулердің әлі жүргізілмеуі, ескі кландық ықпалдың сақталуы, ауыр айыптары бар тұлғалардың жауапты мемлекеттік қызметтерге тағайындалуы, журналистерді «ыңғайсыздар» деп санап, тізімдеу үрдісінің пайда болуы айтылды.
Журналист бұл мәселелер Мемлекет басшысының назарына ілігеді деген үмітте екенін жеткізді. Үндеудің толық мәтіні КазТАГ жарияланды.

