Жаңалықтар
«Семей Орманындағы” өртке кінәлі сотталды
Сотта келтірілген мәліметтерге сәйкес, К. «Семей Орманы» табиғи резерваты ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығы лауазымында екі жыл жұмыс істей отырып, «Грозопеленгаторы» ААЖ жүйесі жабдығының техникалық және бағдарламалық жай-күйін, сондай-ақ осы жүйеге қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін бақылау бойынша тиісті жұмысты жүзеге асырмаған. Өз кезегінде бұл автоматтандырылған жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен көрініс тапты.
«Сот істі қарап, сотталған адамның кінәсінің дәлелденгеніне назар аударды: маманның қорытындысы негізінде, оған сәйкес «Грозопеленгатор» ААЖ 2020 жылдан 2023 жылға дейін тиісті түрде жұмыс істемейді, нәтижесінде бақылаушы операторлардың найзағай белсенділігіне нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу мүмкіндігі болмады, мамандардың қорытындысы негізгі факторлардың қатарында, өртті уақтылы және тиімді сөндіруге «Грозопеленгатор» ААЖ жүйесінің, сондай-ақ сот экономикалық сараптамасының қорытындысының ақауы әсер етті», делінген сот хабарламасында.