Жаңалықтар

Семейде бес айлық сәби қайтыс болды

Фото: mysemey инстаграм парақшасы

Семейде бес айлық қыз бала тұмаудан кейін асқынған аурудың салдарынан көз жұмды, деп хабарлады qandastar.kz. Бұл туралы қаладағы Патологоанатомиялық бюроның дәрігері Жансая Советхан хабарлады.

Оның айтуынша, сәби ауруханада небәрі бес сағат қана болған. Бұған дейін ол үйде бес күн бойы қызуы көтеріліп ауырған. Анасы баласын дәрігердің берген рецепті бойынша үй жағдайында емдеп, ауруханаға жатқызуға келіспеген.

Бесінші күні қыздың жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер бірден реанимацияға алғанымен, бала сол күні кешкісін қайтыс болды.

Соңғы диагноз – сепсис, гистологиялық зерттеу нәтижесінде жіті респираторлық вирус жұқпасы белгілері анықталған. Анасы қызының дене қызуын түсіру үшін ибупрофен беріп отырған. Бірақ үйінде қонақ болғаннан кейін ауруханаға бармаған.

Дәрігер Жансая Советхан ата-аналарға балалардың денсаулығын бірінші орынға қою керектігін ескертіп, өз бетімен емдеудің қауіпті екенін айтты.

 

Back to top button