Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүктіліктің мерзімі шамамен 6-7 ай болған.
nayza_kokshe хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын полиция мен медицина қызметкерлері анықтап жатыр. Мамандар баланың өлі туғанын немесе туғаннан кейін шетінеп кеткенін анықтауы тиіс.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазір барлық жағдайды жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.
Оқиға Семей қаласында, қоқыс аралығынан жаңа туған сәбидің мәйітінің табылуымен байланысты.



