Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Семіздік пен қатерлі ісікке шалдыққандарға АҚШ визасы берілмеуі мүмкін

KFF Health News басылымының хабарлауынша, АҚШ билігі денсаулығында ауыр диагноздары бар шетел азаматтарына виза беруден бас тарту мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz.

Дональд Трамп әкімшілігі емделуді қажет ететін әрі «қоғамға экономикалық салмақ түсіруі мүмкін» адамдардың елге кіруін шектеуді көздейді.

Адвокат Чарльз Уилердің айтуынша, бұл шаралар ең алдымен АҚШ-та тұрақты тұруға ниет білдірген иммигранттарға қатысты қолданылуы мүмкін.

Тыйым салынуы ықтимал санатқа диабет, семіздік, қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты дерттері бар шетелдіктер кіреді.

Мұндай шектеулердің енгізілуі адам құқықтары мен медициналық этика тұрғысынан даулы пікір туғызуы ықтимал.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button