Танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай шетелде бірге демалып жүр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иелері теңіз жағасындағы стористерімен бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды. Демалыс кезінде Бадықова «Сен керексің» атты жаңа әнін таныстырып, оның мағынасы туралы әсерлі жазба жариялады.
Айта кетейік, актриса бұған дейін күйеуімен ажырасқанын мәлімдеген.



