
Фото: Әлеуметтік желіден
Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтілді ортаны сынаған сарапшы Олжас Байдильдиновке қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Есте болса, бұған дейін Олжас Байдильдинов «Елде қазақша сөйлейтіндер көбейіп барады,бір шара қолдану керек» деген пікір айтқан болатын. Мәлімдеме қоғамда резонанс тудырған еді.
Бұл сөздерден соң Димаш Құдайберген Instagram әлеуметтік желісіне ашулы жазба жариялады.
«Біз әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзімізден басталуы керек. Біреудің мақұлдауы үшін өз тілінен ұялған адам тек тілден емес, тамырынан айырылады. Олжас, сен секілді провокаторды жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ баласың. Сенің қазақ тілін түсінбейтінің үшін арнайы орыс тілінде жаздым», — деді Димаш Құдайберген.
