Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Сенат өз отырысының күн тәртібінен «ЛГБТ насихатына» тыйым салатын түзетулерді алып тастады

Сенат Қазақстанда «ЛГБТ насихатына» тыйым салатын нормаларды қамтитын заң жобасын отырыстың күн тәртібінен алып тастады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы КазТАГ-қа сілтеме жасап.

3 желтоқсанда сағат 17:48-де Сенат БАҚ өкілдеріне хабарлама жіберген болатын.

Онда талқылауға қойылған мәселелер қатарында «Архив ісі және құқыққа қарсы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы болды.

Алайда 2,5 сағаттан кейін жаңа хабарлама жіберілді.

Құжатта резонанстық норма көрсетілмеген.

Айта кетері, бұған дейін Қазақстандағы ЕО елшісі Алешка Симкич ЛГБТ насихатына тыйым салатын түзетулерге алаңдаушылық білдірген болатын.

Бұл туралы Симкич Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асановпен кездесуде айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button