Жаңалықтар

Сенат төрағасы Нью-Йоркте шопинг жасап жүр

Әлеуметтік желілерде Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Нью-Йорктегі дүкенде жүргені туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды qandastar.kz. Видеода ер адам 5-авеню бойындағы сауда орындарының бірінде жүргені байқалады.

Қазіргі уақытта ресми органдар бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, ал Сенаттың ресми сайтында немесе басқа мемлекеттік ресурстарда бұл күні Мәулен Әшімбаевтың шетелдік іссапарда болғаны туралы хабарланбаған.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Кейбірі бейнені нақтылауды сұраса, енді бірі видеодағы адамның расында да Сенат төрағасы екенін дәлелдеу қажеттігін атап өтуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button