ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Сенат жаңа бюджет кодексін Мәжіліске кері қайтарды

Фото: ашық дереккөз

Сенат жаңа бюджет кодексін Мәжіліске кері қайтарды, деп жазды qandastar.kz

Депутаттар маңызды құжаттағы жеке баптардың редакциясын ұсынды. Кодексте Ұлттық қорға қатысты 3-4 бапқа түзету енгізілді.

Негізгі өзгерістерге тоқталсақ: 30-бапта – республикалық бюджет шығыстарында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстар көзделген; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша аумақтылығына қарай белгілі бір шектеулер белгіленбейді; ауылдық елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстар облыстық және аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылуға тиіс. Осыған байланысты аталған шығыстарды ауылдық округтің шығыстарынан алып тастау қажет; жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту мен реконструкциялауға қаражатты аудандық және ауылдық бюджеттердің шығыстарына жатқызу ұсынылады, өйткені бұл функциялар «Жайылымдар туралы» Заңында көзделген; бюджеттің ашықтығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы, сондай-ақ облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, тиісінше ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі нормамен толықтырылсын; Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуына мониторинг нәтижелерін қарауы жөніндегі норманы енгізу ұсынылды;

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдерді, оның ішінде құрылысқа, мемлекеттік сатып алуға, пилоттық жобаларды іске асыруға байланысты төлемдерді жүргізу кезінде ағымдағы бақылау айқындалған; Кодекстің 143-бабында экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алу үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы бойынша талап көзделген. Осыған байланысты оның құзыретіне аталған мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін қорытындыны әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі норманы енгізу қажет; бүгінгі таңда Ұлттық қордан тартылатын кепілдік берілген трансферттің жылдық сомасы ай сайын тең үлестермен тартылады және қаржы жылы ішінде оның қажетті сомаларға сұранысы әртүрлі болуы мүмкін болғандықтан, мемлекеттік қазынашылықтың нақты қажеттіліктеріне қарай кепілдік берілген трансферттің ай сайынғы көлемінің әртүрлі сомаларын белгілеу мүмкіндігі болатын норма ұсынылады;

Ұлттық қордан бөлінген қаражатты тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында, сондай-ақ ҚР Ұлттық қорының валюталық активтерін 2030 жылы 100 млрд долларға дейін ұлғайту бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін 115-бап нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді Ұлттық қорға міндетті түрде қайтару жөніндегі нормамен толықтырылды; кепілгерлік шарты және оның қолданылу мерзімін регламенттеу шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында 145-бапта оларды қайтару жөніндегі норманы, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтату негізін көздейтін норманы көздеу ұсынылады; Бюджет кодексі мемлекеттік ислам бағалы қағазын шығаруды көздейтіндіктен, оның шығарылуы мен айналымының тәртібі мен шарттарын көздеу ұсынылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close