ЖаңалықтарШоу бизнес

«Сенбеймін»: танымал журналист Мөлдір Мұқан жайлы ойымен бөлісті

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Гүлнәз Әлімгерей Тұрсынбек Қабатовтың экс-жұбайына қолдау білдіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мөлдір Мұқанмен түскен суретін жариялады.

«Ағаңның абыройын дастарқанмен жинадым» деп бір жақсы көретін жеңгем айтып еді кезінде. Тұрсынбек пен Мөлдірдің дастарқанында талай қонақ болғанбыз. Кешегі біздің ұлдың тойында да дымын білдіртпей келіп, әнін айтып, тілектестігін жеткізді. Араға бірнеше күн салып сұқбаты шықты. Мөлдір іштегісімен бөлісе отырып, бөгде әйелге тіл тигізбегені — оның тағы бір тектілігін көрсетті мен үшін…

Екеуі көрсе көз тоятын әдемі жұп еді. Қимаймын. Ыстық сезім, махаббат мүлдем жоқ боп кеткеніне сенбеймін. Араларында қалған болар деген үміттемін…», — дейді тележүргізуші.

Тіпті Оралда Мөлдірдің киносына билет қалмағанын қуана айтты.

Қазақстандықтар да өз ізгі тілектерін білдіріп жатыр.

«Екеуі де текті жердің салмақты қыздары», «Гүлназ ханымның керемет сөздері жүрекке жетті! Әр қазағым бір-біріне осылай қолдау білдіріп отырса ғой… Алла бақыттарыңызды баянды қылғай, аман жүріңіз», «Өте дұрыс айтасыз. Мөлдір мықты әйел мейрімді ана бақытты бол. Мөлдір, иии жаным сол» деп жазып жатыр олар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button