Жаңалықтар

«Сені қатты күттім»: Баян Алагөзова қызы Айсәуленің туған күніне әсерлі жазба арнады

Фото:  желіден алынды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қызы Айсәулені туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі алғаш ана атанған сәтін есіне алды. Блогер Айсәуле Бақытбек 29 жасқа толды.

“29 жыл бұрынғы сәттің әр минуты кешегідей есімде. Мен сені асыға күттім. 9 айда 9 рет төсек тартып жатып қалдым. 22 мамыр күні сені кеудеме қойғаны, сенің жылағаның жадымда. Мен алғаш рет ана атандым. Ол кезде менің жасым 22 де еді. Сен сондай ақылды, көз моншақтай жарқырап өстің. Мен сен үшін қымбат дүкеннен киім алып, түрлі шаш қыстырғыш сатып алдым. Оны саған бергенде өзім шексіз бақытқа кенелдім. Сен мен үшін әлі кішкентайсың. Бүгінде сен журналдың мұқабасына шыққандағыдай табысты, сұлу әдемісің. Махаббатым, мақтанышым, бақытым! Әлішердің қасында денің сау болып, әрқашан осындай бақытты бол! Туған күнің құтты болсын, Айсам”, – деп жазды продюсер.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close