
Әлеуметтік желілерде діни коуч ретінде танымал Марзия Бекайдардың подкастынан алынған үзінді қызу талқыланып жатыр, деп жазды qandastar.kz
Тараған бейнежазба тек Қазақстанда ғана емес, көршілес елдердің де желі қолданушыларын алаңдатқан.Әсіресе бұл сөздерге қатысты әйелдер қауымы тарапынан қатты наразылық байқалды.
Даулы үзіндіде коуч «Сені тәрбиелеп, саған қатал бола алатын күйеу — Алланың жіберген нығметі. Қатал мінезді күйеу — үлкен сый», — дейді.
Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен сынға ұшырап, пікір білдірушілер ашуын жасыра алмады. Желідегі пікірлердің басым бөлігі коучтың айтқанын орынсыз деп бағалап, былайша қарсы пікір қалдырған.
«Ересек әйелді біреу тәрбиелеуі керек деген не сөз?», «Не айтып отырғандарын түсінбеймін», «Әйелдерді адастырып жүр», «Бұл қай ағымның насихаты?», «Күйеу әйеліне қатал емес, мейірімді болуы керек қой» — деген сынды жазбалар көптеп кездеседі.



