Жаңалықтар

Серік Ибрагимов алтыннан «жасалған» саксофонын көрсетті

Танымал әнші Серік Ибрагимов өзінің алтыннан «жасалған» саксофонын көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz.

Өнер иесінің студент болып жүрген шағында мұнаймен айналысқанын және барлық жинаған қаржысына Тайвань қаласынан 8,5 келі алтын сатып алып, музыкалық аспабын арнайы жасатқанын айтты.

– Саксофонның қазіргі құны 9,5 млрд теңге тұрады, – деді әнші. Артынша, өнер иесі «40 өтірік» деген болады ма деп әзілдеді.

Серік Ибрагимов соңғы уақытта өзін продюсерлік қырынан көрсетіп жүр.Қазір оның «Жас емес жұбайлар» фильмі еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде.

Желі қолданушылары «Нұрлан Еспанов аузына түкірген бе?», «Ұрлап кетпесін, қаттырақ ұстап жүр», «Абайла, тікесінен түсінетіндерден» деп жарыса жазуда.

Back to top button