Жаңалықтар

Серік Сәпиевке шабуыл жасалып, орынбасары күдікке ілінді

Қарағандыда спорт саласындағы басшылық деңгейінде жанжал шығып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің дене жарақатын алғаны белгілі болды, деп жазады qandastar.kz сайты Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2026 жылғы 21 қаңтар күні кешкі уақытта қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Серік Сәпиевке дене жарақатын салған күдікті ретінде оның орынбасары Дәурен Есімханов аталады.

Серік Сәпиев – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқаратын танымал спортшы, Олимпиада чемпионы. Ал жанжалға қатысы бар екінші азамат – самбодан Азия және Әлем чемпионы ретінде танылған Дәурен Есімханов.

Полиция дерегінше, аталған факті бойынша «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс тіркелген. Қазір жәбірленушінің алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Оқиғаның неден басталғаны әзірге нақтыланбайды. Құзырлы органдар істің мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button