Қаржы және төлемдер

Серік Жұманғарин байларға қандай жағдайда салық салынатынын айтты.

Фото:Үкімет

Вице-премьер журналистердің “неге ортақ салық ретінде енгізбей, жекелей бөліп қарастырдыңыздар” деген сұрағына да жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz

Журналистер қауымы Жұманғаринге  «сән-салтанат салығын көтеріле ме» деген сұрақ жолдаған болатын.

Ең алдымен “люкс” ұғымын дұрыс анықтап алуымыз керек. Егер қазіргі таңда салық салынғалы жатқан дүниелерге қарасақ, бұл да сол қымбат, яғни сән-салтанаттың өзі емес пе? Мәселен, егер сіздің иелігіңіздегі барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, демек салық төлейсіз. Қателеспесем, базалық мөлшерлеме жылына 3 миллион теңге, әрі қарай осы сомадан асқан сомаға 2 пайыз қосымша төленеді. Сол сияқты, егер көлік құны 75 миллион теңгеден асса, жоғары мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қымбат алкоголь, қымбат шылымдар – осыларға да салық салынады, – деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ министр  салық салу барысында аса мұқият болу қажеттігін атап өтті.

Егер ертең не нәрсе сән-салтанатқа жатып, не жатпайтыны анық болмаса – кейбір адамдар зардап шегуі мүмкін. Мұнда “кінәлі” немесе “кінәсіз” деген жоқ, бірақ салықты тиісті адамға емес, басқаға салып қоюымыз мүмкін, – деді Серік Мақашұлы.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close