Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды

Серік Жұманғарин премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды», — делінген мәлімдемеде.

Жаслан Мәдиев те өз орнында қалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button