Мәдениет

«Сезім деген осындай болу керек»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова Ақтауда бірге көзге түсті

Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас желіде келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен түскен видеосын жариялап, ел назарын өзіне аударды. Жұлдызды жұп бүгінде Ақтау қаласында демалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас әйелімен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Онда ерлі-зайыпты мерекелік шарада билеп жүргенін көруге болады. Бейнежазбада әнші келіншегін белінен құшақтап, бетінен сүйіп алды. Белгілі болғандай жұлдызды жұп Ақтауға белгілі кәсіпкердің туған күніне арнайы ұшып барған. Мерекелік кеште Қайрат пен Жұлдыз би билеп, көңілді уақыт өткізген.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас бейтаныс арумен видео жариялап, елдің қызу талқысына қалған еді. Өнер иесі белгісіз бойжеткенге қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close