Жаңалықтар
Ш. Нұрышев: Шыңжаңдағы 1,6 млн этникалық қазақ Қазақстан мен Қытай әріптестігін нығайтуға үлес қосып отыр
Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Халық үкіметінің шақыруымен Қашғар қаласына (ШҰАА) барып, «Шыңжаңның тарихы мен болашағы» атты халықаралық форумға қатысты,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Ш. Нұрышев Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы серпінді ынтымақтастыққа ерекше назар аударып, ШҰАА аумағындағы 1,6 млн этникалық қазақтың «алтын көпір» ретінде Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосып отырған үлесін атап өтті.
Сапар барысында қазақстандық делегация «Қашғар паркі» экономикалық даму аймағына барып, өңірдің сауда-экономикалық әлеуетімен және шекаралас елдермен жүріп жатқан сауда жобаларымен танысып, Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.