Жаңалықтар

Шахтада қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады

Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада қаза болған кеншілердің аты-жөні жарияланды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Мәлімет бойынша, 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

«Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді.

Еңбекминінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды.

«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:

ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.; ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.; ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.«Востокцветмет» ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close