Жаңалықтар

Шахтинскіде сарбаз асылып өлді: Ұлттық ұлан суицидтің себебін атады

Фото: ашық дереккөз

Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен Ұлттық ұланға қарасты «Орталық» 6505 РГК әскери бөлімінің келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметшінің мәйіті табылды,  деп хабарлайды qandastar.kz.

Ол белбеуіне ілінген күйде табылды. ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» РҚК баспасөз қызметі болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Әскери қызметшінің мәйіті жұмыстан тыс уақытта, тұрғылықты жеріндегі пәтерінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша әскери қызметші отбасындағы жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» РМК қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайы анықталуда.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close