Қарағанды облысының әкімдігі өңірдің басты футбол клубы — «Шахтёрды» Freedom Holding Corp. тобына кіретін, кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алғанын хабарлады, деп жазады qandastar.kz
Клуб аукцион арқылы жекешелендірілді. Бұл процесс президенттің бұқаралық спортты дамыту және футболды коммерцияландыру туралы тапсырмасына сай жүргізілген.
Әкімдіктің мәліметінше, Турлов аймақта жаңа футбол экожүйесін құруды бастап кетті. Бұл мақсатқа жалпы 18,5 млрд теңге бөлінеді.
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) мен Тимур Турлов бірнеше ірі жобаны қатар іске асырады. Олар:
- ALGA! мектеп жобасы – 2029 жылға дейін 40 мыңнан аса оқушы мен 3600 студентті қамтиды, 100-ден астам білім ордасында футбол бастамалары іске асады;
- Freedom BFL ресми балалар-жасөспірімдер лигасы;
- «Шахтёр» клубының заманауи футбол академиясының құрылысы;
- аймақ футболын дамытудың кешенді стратегиясы.



