Танымал блогер Алексей Лодочников оқырмандарын мереке тізімінен алынып тасталған Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Алайда оның сөзі жұртшылық арасында қызу талқылануда, деп жазды qandastar.kz
«Шал, кет» деп демалыстан айырылдық», — деп пікір білдірді блогер инстаграм парақшасында.
Желі қолданушылары оған әртүрлі реакция қалдырды.
«Негізі ол кісі көп жақсылық жасады Қазақстанға, ұрлағанын айтпаймын. Ол кетсе де басқалары да одан кем қалып жатқан жоқ. Бірақ жақсылығы да көп болды», – деп жазды желі қолданушының бірі.
Айта кетейік, Қазақстанда бұл мереке 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ресми түрде алынып тасталған.
