Танымал әнші Меруерт Түсіпбаеваның отырыста ән салып жатқан видеосы желіде тарап, жұртты күлкіге қарық қылды, деп жазады qandastar.kz.
Бейнежазбада Түсіпбаева әйгілі «Нұр жауып тұрған көктемде» әнін орындап тұр. Оның үстінде ұзын көйлек, басында бас киім бар. Әнші қолын сермеп, рэп айтып тұрғандай әсер қалдырғанын желі қолданушылары атап өтті.
Әнге бар ынтасымен берілген Меруерттің орындауы көрермендерді ғана емес, жанында отырған баян мен домбыра тартып отырған жігіттерді де жымиятты.
Пікірлер бөлімінде желі қолданушылары әншінің орындау мәнеріне қатысты түрлі қалжың аралас сөздер және теріс пікірлер жазды:
«Шалабай атамның әруағы?»,
«Баянист жігіт Меруерт үшін ұялып отырған сияқты»,
«Дауысы қайда кеткен Меруерттің?»,
«Кепканы шешу керек, сыйластықтың белгісі ғой»,
«Өзінше әнші болған түрі ғой»,
«Дауысы жоқ екен, бірінші рет естіп тұрмын», – деп жазды олар.
@bagdagul_synykshy_rezerv



