Жаңалықтар
Шариғатты енгізгісі келген: Кентауда экстремистік ұйымға қатысы бар күдіктілер ұсталды
Фото: ашық дереккөз
Кентауда полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады және діни араздықты қоздырды деген күдікпен 10 адамды ұстады, деп хабарлайды qandastar.kz
Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталғандар конституциялық құрылысты құлатуға және шариғат нормаларын енгізуге бағытталған «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымының мүшелері болған.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде «Хизб-ут-Тахрир» тобының мүшелері интернет-ресурстарды пайдаланып, радикалды уағыздаушылардың дәрістерін алып, таратуға тырысты», – делінген хабарламада.
Тінту кезінде ұсталғандардан экстремистік бағыттағы әдебиеттер тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.