Әлем жаңалықтары
Шашы ұзын жігіт: 17 жастағы америкалық Гиннесс рекордтар кітабы енді
Фото: www.guinnessworldrecords.com
17 жастағы америкалық Рубен Лукс Твайс шашы ең ұзын жасөспірім ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл туралы кітаптың ресми сайтында хабарланады.
Оның шашының ұзындығы – 161 сантиметр. Ол 2 жастан бастап шашын қимаған. Себебі ол шаш алатын құрылғыдан шығатын дыбыстан қорыққан. Кейін есейген соң шашын мүлде қимауға бекінген. Бұған себеп – өзі тарайтын тайпаның дәстүрінде, жергілікті халық арасында ұзын шаштың маңызы зор.
Рекордтың дұрыс-бұрысын анықтау үшін Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері оны шаштаразға ертіп келіп, шашын үстелге жайып, өлшеді. 161 сантиметр. Нәтижесінде ол әлем бойынша шашы ең ұзын жасөспірім ретінде рекордсмен атанды.