Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шенеуніктер бақсы-балгерге жиі бара ма?

Парапсихолог әрі мемлекеттік құрылымдарда жоғары лауазымды қызметтер атқарған Айнұр Әбдірасылқызы  кейбір шенеуніктердің мистикалық әдістерге жүгінетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер қызметте табысқа жету немесе жағдайын жақсарту мақсатында жасалады, деп жазды qandastar.kz ақпараттық агенттігі novosti.karagandy.kz парақшасына сілтеме жасап.

 Министрдің кеңесшісі ретінде жұмыс істеген кезеңін еске алған ол, мемлекеттік органдардағы бірқатар жетекшілердің «сәттілік тарту» үшін түрлі магиялық сенімдерге сүйенетінін айтты.

«Басшылардың сол қолына қызыл жіп тағып жүретінін өз көзіммен көрдім. Оны байлық пен ақша тартады деген сеніммен іліп алады. Бұл – кең тараған практика», – деді ол.

Оның сөзінше, мұндай тәсілдер тек «сәттілік шақырумен» шектелмей, кейде лауазымдық бәсекелестікте де қолданылуы мүмкін. Кейбір мемлекеттік қызметкерлердің күрт құлдыраған мансабы «әлеуметтік немесе психологиялық қысымнан бөлек, арнайы негатив әсердің нәтижесі болуы ықтимал» деген ишара бар.

Бұл мәлімдеме бұған дейін белгілі болған деректермен де үндеседі. Мәселен, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев өз сұхбаттарының бірінде жұмыс мәселелерін шешу үшін көріпкелге жүгінгенін ашық айтқан еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button