Жаңалықтар
Шенеуніктер кәсіпкерден 10 млн теңге пара алған

Шенеуніктер кәсіпкерден 10 млн теңге пара алған, деп жазды qandastar.kz
Тайынша ауданының әкім орынбасары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін кәсіпкерден 10 млн теңге пара алғаны анықталды. Бас прокуратураның мәліметінше, жауапқа тартылған үш адам өз кінәсін мойындамаған. Кінәлі тұлғалар 3 жыл 6 айдан бастап, 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істеуге тыйым салынды. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енді.