ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

«Шенеуніктер маскасын шешсін»: Сарапшы Қазақстан экономикасын сынға алды

Экономист Мақсат Халық шенеуніктердің “маскасын” шешу керектігін айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның сөзінше, олар  базар аралап, баға бақылағандай көрінеді. Ал шын мәнінде бағаның өсуі өздеріне тиімді, себебі осы арқылы экономика «өсіп жатқандай» етіп  көрсетеді.

2005 жылғы бағаларды негізге алып есептегенде, бүгінгі 300 млрд доллар деп көрсетілген экономика, шынтуайтында, бар болғаны 160 млрд доллардың төңірегінде болып шыққан. Яғни өсімнің басым бөлігі тек инфляция.

Экономистің сөзіне қарағанда, “экономика өсуде” дегеннің артында нақты өндіріс емес, халыққа ауыртпалық түсіретін баға өсімі ғана тұр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button