Жаңалықтар

«Шенеуніктер ұрлаған заттарды көргенде жиіркенген кезім болды» – Әлихан Бәйменов

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда бай-бағландардың сіз бен біздің ақшамызға сатып алған заттары кезекті аукционға шығарылады, деп жазады qandastar.kz

Қарашаның 22-сі мен 26-сы аралығында Астана мен Алматыда бірнеше коммерциялық нысан сатылады. Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің көмегімен тәркіленген қымбат заттар e-kazyna сайтында аукционға түседі.

atameken.business kaz жазғандай, құны 2 млн-нан 100 млн-ға дейін бағаланатын картье, булгари секілді әлемдік брендтер өз бағасынан арзанға саудаланады.

Ал заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссияның мүшесі Әлихан Бәйменов «ел танитын азаматтар қазақтың қазынасын жүгенсіз жей берген»,-  деп отыр.  

«Бізге алып келіп олардың не иеленгенін көрсеткенде жиіркенген кезім болды. Кейбір белгілі адамдар қолына іліккеннің бәрін ала берген. Соны көрген кезде ойлайсың. Не деген жүгенсіздік? Мемлекет иелігіндегі дүниені баса берген, баса берген. Мен атайын қаржы жинаған үлкен халықтың аузында жүрген азаматтардың біразы соның ішінде бар», – деді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close