Жаңалықтар

Шерзат Полаттың әкесі жаңа арыз түсірді

Фото: скрин

Талғардағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов күдіктілердің үстінен жаңа арыз түсіріп жатыр, деп хабарлайды .

Бұл туралы жәбірленуші тараптың жаңа адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, істі зерттеу барысында қылмыстық іс шеңберінде азаматтық талап берілмегені анықталған.

«Біз өз талабымызды дайындап жатырмыз. Бұл – Қаржаубай қаржылай пайда көріп қалсын деген мақсатта емес. Қамаудағы күдіктілердің мерзімінен бұрын босап кетпеуі үшін жасалып отыр», – дейді Шекеев.

Ulysmedia.kz хабарлағандай, адвокат басты сұрақтардың бірі – оқиға орнында болған екі қыздың тағдыры туралы да пікір білдірді.

«Қоғамда олар қылмыстық іске қатысы бар деп айтылып жүр. Алайда, іс материалдары бойынша, олар тек куәгер ретінде жауап берген», – деп түсіндірді адвокат.

9 күдікті бар

Бұл іс бойынша 9 күдікті бар.

Олардың біреуі – кәмелетке толмаған жасөспірім. Оған Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша айып тағылған.

Іс бойынша 6 жәбірленуші тіркелген, оның ішінде Шерзат Полат пен Нұрқанат бар.

Сот отырысы қашан басталады?

Шерзат Полаттың ісі сотқа жіберілді.

«Барлық құжаттармен таныстық. Алғашқы сот отырысы сәуірдің ортасында басталуы мүмкін», – дейді адвокат Мейірман Шекеев.

Бұл іс бойынша жәбірленушілердің құқығын бірнеше тәжірибелі адвокат қорғайды. Олардың қатарында Мейірман Шекеев, Әлім Мұстапаев, Жандос Палманов, Бекзат Ниязов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев, Дина Досаева бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржаубай Нұрымов өз адвокаттарынан бас тартқан болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close