Жаңалықтар
Шерзат Полаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ

Фото: ТЖМ
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеу дерегіне қатысты тергеу деректерін бөлісті, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қойгелдиев тергеу әлі жалғасып жатыр дейді.
«Айтарым, бұған дейін бірқатар сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша белгілі нәтижелер бар. Процесс не үшін тоқтап қалғанына келер болсақ, біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жолдадық. Істің толықтығы үшін спутник арқылы сол кезде жанында (үйдің – ред.) қандай көліктер тұрғанын зерттемекпіз», – деп түсіндірді Бас прокуратура өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда өлтірілген жасөспірім Шерзат Полаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмағаны туралы хабарлаған едік.
«Тергеу жалғасуда. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы қазір ештеңе айта алмаймын. Қандай да бір ақпарат пайда болған кезде, бірден жарияланады деп ойлаймын. Қазірше табылған жоқ. Бұл туралы ешқандай ақпаратым жоқ», – деді Бас прокуратураның орынбасары Әсет Шындалиев.